Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Қазақстан командасы Гонконг пен азулы Оңтүстік Корея құрамаларын жеңіп, финалда Қытай спортшыларына аз ғана ұпаймен жол берді.
Осылайша, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастсия Гулик және Жасмин Капыджыдан құралған Қазақстан командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Бұл Кувейттегі Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз