Сәбинаға Тайланд клубынан шақырту түсті

О Сансызбай Корреспондент

«Sisaket» спорт қауымдастығының жетекшісі Сирипонг Ангкасаккулкиат қазақ волейболшысы қатарларын толықтырар болса, қомақты жалақы төлейтінін де жасырмауда. Олар 1 миллион тай батынан 10 миллионға дейін (31,3 АҚШ долларынан $313 мыңға дейін) шығындалуға дайын екендіктерін жеткізуде. Клуб жетекшілері Сәбинаның командаларына ауысу мүмкіндігін 70 пайызбен бағалауда. Спортшы арудың Тай елінде өнер көрсетуіне оның ата-анасы қарсы болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ, «Sisaket» клубы басшылығы Сәбинаны отбасымен бірге Тайландқа көшіріп, ол жақтағы бар шығындарын өз мойындарына алуға да шешім қабылдап отыр.

«Sisaket» волейбол клубының Сәбина Алтынбековаға «құда» түсуінің де өзіндік себептері бар. Олар қазақ волейболшысының спорттық қабілетінен бұрын, әлем таныған атағына баса назар аударуда. Отандасымыздың қатарларына қосылуы елдегі волейбол спортына деген қызығушылықты арттыратынын да естен шығармаған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Сәбина Алтынбековаға Тайваньның модель агенттіктерінен ұсыныс түскен болатын. 17 жастағы қазақ спортшысына елдегі ірі сауда орталығы Breeze Center-дің ресми тұлғасы болуға ұсыныс айтылған, бірақ ол бұл ұсынастан бас тартқан болатын. Қазіргі таңда Сәбинаның жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінде фан-клубтарын құруда. Ал жерлесіміз бүгінде жоғарғы лигада өнер көрсететін «Алматинка» волейбол клубында ойнайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz

Сәбина Алтынбекова блогерлерге алғыс айтты (видео)

Қазақ шоумені волейболшы Сәбина жайлы бейнеклип түсірді

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама