Рүстем Сыбай Универсиадада күміс алды
Рүстем жұлқа көтерудегі бірінші мүмкіндігінде 170 келі көтерді. Одан кейін 175 келі салмақ отандасымызға бағынбады. Серпе көтеруді 212 келімен бастап, тапсырыс берген салмақты көтере білді. Алтын жүлде үшін таласта 215 келіні көтере алмады.
Жарыс қорытындысы бойынша ресейлік ауыр атлет Егор Климонов жеңімпаз атанды. Ол отандасымыздан 1 келі артық (168 + 215) көтерді. Рүстем Сыбай 382 (170 + 212) келіні бағындырса, қола тайландтық спортшы Сарат Сумпрадитке (167 + 214) бұйырды.
Айта кетейік, осыған дейін ауыр атлетикадан Альберт Линдер, Айдар Қазов пен Денис Уланов Универсиада чемпиондары атанса, Карина Горичева – күміс, Арли Чонтей қола медальға қол жеткізген еді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын 3 күміс 5 қола медальмен 8-орынға көтерілді.