Рустам Ыбраев әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ confederation.kz

Қазақстандық дзюдошы эквадорлық Ленин Пресиадо мен армениялық Амиран Папинашвилиді жеңді. Ширек финалда кәріс Ин Хьюк Чойдан басым түсіп, бірден жартылай финалға жолдама алды. Нәтижесінде кешкі белдесуде жүлдеге таласатын болады.

60 келіге дейінгі салмақтағы Елдос Сметов та әлем чемпионатын сәтті өткізіп келеді. Отандасымыз аз уақыттан кейін жартылай финалға үшін өзбек Диорбек Уразбаевпен белдеседі.

Айта кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты Астанадағы «Алау» мұз айдыны кешінінде өтуде.   

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама