Индонезия жерінде өтіп жатқан XVIII Азия ойындарында джиу-джитсу спортынан 77 кг-ға дейінгі салмақта Руслан Исраилов топ жарды. Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен бесінші алтын медаль. Қазақстандық джиу-джитсуші финалда қырғыз спортшысы Нұрсұлтан Әлімқұловты жеңді. Оған дейін Мұхаммед Мансурды (Иран), Хамза әл-Рашидті (Иордания), Аязбек Мустаковты (Қырғызстан), Эркбаяр Ваткияхты (Моңғолия) жеңген болатын. Руслан Исраиловтың жеңісі - Қазақстанның джиу-джитсудан Азия ойындарында алған екінші алтыны. КешеДархан Нортаев62 келіде чемпион атанған еді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 5 алтын, 7 күміс, 27 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді.