Руни мен Ибрагимович Головкиннің жекпе-жегіне бармақ
Бұл жөнінде Daily Star басылымына Бруктың жұмыстарын жүргізетін промоутер Эдди Хирн хабарлаған.
"Өткен сенбіде маған Уэйн Руни хабарласып, Златан Головкиннің жанкүйері екенін айтты және жекпе-жекке келсек бола ма деп сұрады. Мен келісімімді беріп, оларды Лондонға шақырдым. Ол күні манчестерлік дерби өтеді. Бірақ ойыннан кейін уақытылы шықса, олар жұдырықтасуға үлгеріп келе алады. Бұл расында зор оқиға болмақ", - деді Хирн.
Айта кетерлігі, 10 қыркүйек "Манчестер Юнайтед" пен "Манчестер Сити" командалары арасындағы дерби өтеді. Бұл ойын Астана уақыты бойынша сағат 17:30-ға жоспарланған. Ойыннан кейін ағылшын мен швед Головкин-Брук жекпе-жегіне үлгеру үшін Манчестерден Лондонға дейінгі 335 шақырымды көлікпен жүріп өтпек. Ал жекпе-жек шамамен 23:00-ден кейін басталады.