Румыния – Қазақстан ойынына швейцариялық төрешілер қазылық жасайды
Ойында бас төреші қызметін Сандро Шерер атқарады. Оған алаң жиегінде Стефан Де Алмейда мен Сладан Йосипович көмектеседі. Төртінші төреші қызметінде Ален Бьери болады.
Өткен жылы швейцариялық бас төреші "Астана" мен "Жальгирис" арасындағы ойынға қазылық жасаған.
Румыния мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын бейсенбіден жұмаға қараған түні өтеді. Тікелей эфирде "QazSport" телеарнасы көрсетеді.
Александр Бородюк жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Румыниядан кейін 8 қазан күні Астанада Армения құрамасымен ойнайды.
Екі ойынға шақырту алған футболшылар тізімі төмендегідей:
Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»);
Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков (үшеуі де– «Астана»), Гафуржан Суюмбаев, Елдос Ахметов (екеуі де– «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Виктор Дмитренко («Шахтер»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Куат, (екеуі де – «Қайрат»), Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген (екеуі де – «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі де – «Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Аслан Дарабаев («Ертіс»);
Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Танат Нөсербаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).