ФИФА-ның әлем чемпионатына арналған Twitter парақшасы ӘЧ-2018-дің ең елеулі оқиғасын анықтау үшін сауалнама өткізді. Оған 14 мыңға жуық оқырмандар қатысты. Дауыс беру нәтижелеріне қарағанда Португалия құрамасының шабуылшысы және капитаны Криштиану Роналду ӘЧ-2018-дің ең есте қалған ойыншысы деп танылған. Португалия құрамасы топтық кезеңде Испанияға қарсы ойын өткізіп, кездесу 3:3 есебімен тең аяқталған болатын. Тартысты ойында Роналду Испания қақпасына хет-трик жасаған еді. Дауыс беру нәтижесі бойынша Роналдудың хет-тригі 50 пайызға ие болып, жеңімпаз атанған. Ал Германия-Швеция ойынындағы Тони Кроостың соққан голы екінші орынды (24 пайыз) иеленді. Үштікті Португалия қүрамасына соққан голымен Эдинсон Кавани (19 пайыз) қорытындылап тұр.Тізімнің төртінші орнында перулік шабуылшы Хосе Паоло Герреро (9 пайыз).