Роналду қазіргі футболдағы басты мақсатын айтты
39 жастағы шабуылшы өзінің YouTube арнасында бұрынғы әріптесі Рио Фердинандпен сұхбат барысында 1000 гол соғуды жоспарлап отырғанын айтты.
"Жақында мен 900-інші гол соғамын, сосын 1000-ға жетемін. Футболда 900 гол соғу ең жақсы көрсеткіш. Бірақ мақсат - 1000 голға жету. Мен мұны істегенде неше жаста болатынымды білмеймін? Ең бастысы, жарақат алмасам болғаны. Бұл мен үшін ең маңыздысы", - деді Роналду.
Қазіргі уақытта футболшының еншісінде 893 гол бар (763-і клубтық матчтарда; 130-ы Португалия құрамасында).
Бұған дейін УЕФА президенті Александр Чеферин Криштианудың гол соғуға деген жастық құмарлығы әлі де басылмағанын айтқан еді.