Роналду "жылдың үздік ойыншысы" атанды
2019 жылдың үздік ойыншысы атағына "Ливерпульдің" қос футболшысы Вирджил ван Дейк пен Мохамед Салах, "Барселонаның" капитаны Лионель Месси және "Ювентустің" шабуылшысы Криштиану Роналду үміткер болған. Мықтылардың арасынан суырылып шыққан КриРо Globe Soccer Awards таңдауы бойынша қатарынан төртінші мәрте жылдың үздік футболшысы атанды.
???????????? CRISTIANO RONALDO crowned BEST MEN'S PLAYER OF THE YEAR at the 2019 Dubai Globe Soccer Awards@Cristiano #cristiano #juventus #cr7 #portugal @selecaoportugal @juventusfc @DubaiSC pic.twitter.com/LLMHmLyWYN — Globe Soccer Awards (@Globe_Soccer) 29 декабря 2019 г.
Жылдың үздік клубы болып "Ливерпуль" танылды. Оның қарсыластары "Аякс" пен "Лионның" қыздар командасы болды. "Ливерпульді" тізгіндеген Юрген Клопп Эрик тен Хаг ("Аякс") пен Фернанду Сантуш (Португалия құрамасы) басым болып, жылдың үздік бапкері атанды. Сондай-ақ "Ливерпульдің" тағы бір өкілі Алисон Бекер жылдың үздік қақпашысы танылды.
Мадридтік "Атлетиконың" жартылай қорғаушысы Жоау Фелиш "Жыл жаңалығы" номинациясында жеңіске жетсе, әйелдер арасынан Люси Бронз (Англия) жылдың үздік ойыншысы атанды.