Португалия құрамасы мен испандық Реал Мадрид футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің хет-тригінен кейін есін жинаған баламен кездесті. Варшава қаласында қауышқан жандар бірін-бірі көріп көзайым болды. 2013 жылы Португалия мен Швеция арасындағы ойында үш голды қарсыластарының қақпасына соққан Роналду үш ай бойы ес-түсін білмеген жігітті қайтадан мына дүниемен қауыштырған. Бұл науқас бала мен Криштианудың екінші кездесуі. Ең алғаш 2014 жылы корольдік клубтың шабуылшысы дортмундтық Боруссия командасымен чемпиондар лигасының ойындары аясында стадионнан тамашалауға шақырған болатын. Араға екі жыл салып Варшава қаласындағы Легиемен өткізетін ойын барысында Роналду өзінің сүйікті жанкүйерімен жолығуды жоспарлаған екен.