Роналду ФИФА таңдауы бойынша екінші жыл қатарынан үздік футболшы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" үздік сұрмергені екінші жыл қатарынан бұл атаққа қол жеткізіп отыр. Ол шешуші кезеңде Лионель Месси (Барселона) мен Неймарды (ПСЖ) басып озды.

"France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы екінші рет табысталды.

ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.

Айта кетейік, Криштиану Роналду 2017 жылы "Реалмен" бірге Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатында топ жарды. Португалия ұлттық құрамасының әлем чемпионатына шығуына бірден-бір себепкер болды.

Әйелдер арасында "The Best" сыйлығына Лике Мартенс ие болды. Ал Зиннедин Зидан жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Өзге де үздіктер марапатталды. 

Үздік қақпашы: Джанлуиджи Буффон 
Жылдың үздік жанкүйерлері:"Селтик" фанаттары 
"Перенц Пушкаш сыйлығы иегері: Оливье Жиру 
"Fair Play" марапатының иегері: Франсис Коне 
"FIFA 2017" үздік футболшылар құрамы: Джанлуиджи Буффон, Дани Алвес, Леонардо Бонуччи, Серхио Рамос, Марсело, Лука Модрич, Тони Кроос, Андреас Иньеста, Лионель Месси, Криштиану Роналду, Неймар

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама