Роналду бұрынғы командасын сотта жеңіп шықты
Футболшы мен клуб арасында құпия келісімшарт болған. Короновирус пандемиясы кезінде туриндік клуб ойыншымен жалақысын кейінірек төлеуге келіскен. Нәтижесінде команда Роналдуға 19,9 миллион еуро қарыз болған. Өткен жылдың күзінде португалдық сотқа шағым түсірген.
Италия соты "Ювентус" клубы Роналдуға 9,77 миллион еуро төлеу туралы шешім шығарды. Sport Mediaset жазғандай, футболшы құпия келісімшарт бойынша жалақысының тең жартысын ғана ала алады. Себебі португалдық ойыншы да қамсыздығы үшін кінәлі болып танылған. Сондықтан екі тарап та жауапкершілікке тартылды.
39 жастағы футболшы "Ювентусте" 2018 және 2021 жылдары ойнады. 134 ресми ойынға қатысып, 101 гол соқты. Туриндік клубпен бірге екі рет Италия чемпионы, бір рет Кубогын және екі рет Суперкубокты иеленді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!