Роналду: "Алтын допты Мессиге беріңдер"

Ла Лига Корреспондент

Бүгінде Роналду өз ұлттық құрамасын (шведтерді жеңу арқылы) Әлем чемпионатына шығарып отыр. Өз кезегінде арнаулы жүлдені алуға бір табан жақындай түскенін, ал сөз кезегінде Ибрагимовичтің сол қатардан түсіп қалғандығын айта кеткіміз келеді. 

"Маған "Алтын доп" - бұл бар-жоғы жүлде ғана, футболшының бүкіл ғұмырының басты мақсаты емес деп айтып жатады. Мен бұл оймен сөзсіз келісемін", - дейді португалдық сұрмерген. - "Алтын доп" - өз бағаңды көтеру үшін берілетін зат белгі, одан артық түк те емес... Маған ендігі бәрібір, кімге қажет деп тапса, соған тапсыра берсін. Мен үшін, бұл сыйлыққа ұсынылып отырғандардың барлығы жақсы ойыншылар, ендеше өткен маусымда да жүлдесіз қалмаған Мессиге табыстасын". 

Ертеректе португалдық футболшы «Реал» тарихындағы үздік 5 сұрмергеннің қатарына енген болатын. Испания Ла-Лигасының 11 тур ойындарынан кейін Роналду «корольдік клуб» сапындағы 158 голын соғып, әйгілі сұрмерген Ференц Пушкаштан (156 гол) басып озған еді. 

«Реал» тарихындағы үздік сұрмергендер:

1. Рауль – 228 гол

2. Ди Стефано – 216 гол

3. Сантильяна – 186 гол

4. Уго Санчес – 164 гол

5. Криштиану Роналду – 158 гол

6. Ференц Пушкаш – 156 гол

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: futbol.as.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама