Роналду әлем чемпионатының топтық кезеңіне қатыспауы мүмкін
Жаттығу барысында сол аяғының балтыр бұлшықетін жарақаттап алған әлемдегі ең танымал футболшы жылдам сауығып сапқа оралудың жолын қарастыруда. Дегенмен қатарға толықтай қосылу үшін топтық кезең ойындарына қатыспауы қажет екен. Әзірге, 29 жастағы Роналду мен оның дәрігерлері қандай шешім қабылдары белгісіз.
Естеріңізге сала кетсек, Паулу Бенту баптайтын португалдықтар «G» тобында Германия, Гана және АҚШ құрамаларымен сынға түсетін болады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sport.nur.kz