Роналду 2016 жылдың ең үздік футболшысы атанды
ФИФА биыл жылдың үздік футболшысына «The best» сыйлығын тағайындады. Алғаш рет бұл марапатқа Криштиану Роналду ие болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша португалдық «Барселона» ойыншысы Лионель Месси мен «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманнды басып озды.
Қыздар арасында 2016 жылдың үздік футболшысы ретінде америкалық Карли Ллойд танылды. Ал өткен маусымда «Лестермен» ағылшын премьер-лигасында чемпион атанған Клаудио Раньери жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.