Роналдо: «Алтын допты» Месси алуға тиіс»

Шерхан Талап Корреспондент

Қазір «алтын допқа» басты үміткерлер қатарында француз Франк Рибери, португалдық Криштиану Роналду, және аргентиналық Лионель Месси жиі айтылады. Даңқты ойыншының ойынша Месси жарақатына қарамастан беделді сыйлықты биыл тағы да қанжығасына байлайды.

«Менің ойымша «Алтын доп» Мессиге тиесілі. Ол соңғы бес жылда тамаша ойын өрнегін көрсетті. Месси әлем футболының жарқын жұлдызы саналады. Қазір оның азғантай жарақаты бар. Енді қуатын қайта қалпына келтіруі қажет» дейді Роналдо Goal.com. сайтына берген сұхбатында.   

«Алтын доптың» салтанатты марапаттау рәсімі 2014 жылы қаңтарда өтеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама