Роналдинью Еуропаға оралғысы келеді

О Сансызбай Корреспондент

Әлемге танымал жартылай қорғаушы өзінің Еуропадағы спорттық мансабын 2001 жылы «ПСЖ» сапында бастаған. 2001-2003 жылдар арасында «Пари-Сен-Жирмен» клубында ойнаған футболшы 55 кездесу өткізіп, 17 гол соққан екен. Кейіннен Рональдиню «Барселонаға» ауысты. Футболшының спорттағы жұлдызы осы каталондық команда сапында жанды десек болады.

- Қазіргі таңда «ПСЖ» Еуропадағы алпауыт командалардың қатарында. Мен спорттық мансабымды осындай ірі клубта аяқтағым келеді. Бірақ бұл туралы әлі толық ойланбаппын – деді Роналдинью.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін ағылшынның әйгілі футболшысы Дэвид Бекхэм спорттық мансабын осы «ПСЖ» құрамында аяқтаған еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballtransfer.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама