Роналдиньо спорттық мансабын аяқтайтын уақытты айтты
- Мен шау тарттым. 36 жастамын. Өзім бұрынғы бабымда емес екенімді білемін. Дегенмен спорттық мансабымның соңын есте қаларлықтай аяқтауды ойлап жүрмін. Жаңа жобаларымды да бастап кеттім. Футболдан кейін музыка саласында бақ сынағым келеді, - дейді футболшы.
Естеріңізге сала кетсек, Роналдиньо Испания, Италия чемпионаттарын және «Барселона» сапында Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Ұлттық құрама қатарында Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атақтарына қол жеткізген. Сондай-ақ, 2005 жылы Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанған.