Роман Жайлауов қарсыласын бірінші раундта сұлатты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sport.gov.kz

Оңтүстік Африка Республикасының ірі қалаларының бірі Йоханнесбургте өткен жекпе-жекте Роман Жайлауов қарсыласы Луянда Джаконы жеңді. Қазақстандық боксшының ауыр соққылары қарсыласын алғашқы минуттардан-ақ есеңгіретіп тастады. Нәтижесінде 8 раундқа жоспарланған рейтингтік жекпе-жек 2 минут 34 секундта-ақ аяқталды.

Айта кетейік, бүгін Роман Жайлауов спорттық мансабындағы 15-ші жекпе-жегін өткізді. Оның 9-ын нокаутпен аяқтаған. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама