Рохер Каньяс "Астанадан" кеткенін хабарлады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Рохер Каньяс "Астана" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Бұл уақыттың ішінде 128 кездесуге қатысып, 17 гол соқса, 12 нәтижелі пас берген. Елордалық ұжыммен үш рет Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңді. Сонымен қатар Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады.

2017 жылы Рохер Каньяс АПОЭЛ сапында уақытша ойнап, Кипр чемпионы атанды. 

"Барлығына рақмет, сағынатын боламын. Жуық арада қайта көрісеміз ...", - деп жазба қалдырды жартылай қорғаушы Instagram парақшасында. 

Бұған дейін 27 жастағы футболшының қарағандылық "Шахтер" сапына қайта оралуы мүмкін деген әңгіме шыққан еді. Бұл клубтың сапында ол 2012 және 2013 жылы өнер көрсеткен. "Кеншілермен" ол Қазақстан чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. 

Қазақстанға келерге дейін Каньяс Польшаның "Ягеллония", ресейлік "Сибирь", Латвияның "Транзит" және колумбиялық "Индепендьенте Медельин" клубтарында ойнаған. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама