Робин ван Перси «Арсеналға» оралғысы келеді

О Сансызбай Корреспондент

Арсен Венгер командасына шабуылшы іздестіруде. «Арсеналға» Месутпен қатар жаңа қарқын сыйлайтын алдыңғы шеп футболшысы қажет-ақ. Оливье Жиру шабуылда жалғыз жетіспейтін секілді. Ал ван Персидің өзі: «Мен «Арсеналға» ауысуға дайынмын, жанкүйерлер мені құшақ ашып қабылдайды деп ойлаймын. «Арсенал» сапында ең қызықты, тартысты кездесулерімді өткіздім, тағы да өткізуге дайынмын» - деді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, кеше «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Саутгемптонмен» тең түсіп қалған болатын. Робин ван Перси есеп ашқанмен, команда жеңісті уысында ұстап қала алмаған-ды.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Cурет: barclays-premier-league.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама