Роберто Манчини «Интер» командасының бас бапкері атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Италиялық маман 15-қарашадан бастап өз жұмысына кірісті. 49 жастағы бапкер бұл қызметке Вальтер Маццаридің орнына келіп отыр. Вальтер Маццари жақында ғана «Интер» командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.

Манчини «Интер» командасында 2004-2008 жылдары аралығында қызмет етіп, үш мәрте Италия чемпионатын, екі рет Италия Кубогын және бір рет Италия Суперкубогын жеңіп алған болатын.

Бүгінде «Интер» командасы ішкі біріншілікте 11 турдан кейін 16 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

Сурет: wsport.com.ua
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама