Роберто Манчини "Галатасарай" тізгінін ұстауы мүмкін

Жұлдыз FM Корреспондент

Бірнеше күн бұрын ыстамбұлдықтардың басшылығы команданың бас бапкері Фатих Териммен қоштасу жайлы шешім қабылдаған болатын. Түрік бапкерінің қызметінен босатылуының себебі ағымдағы маусымда команданың нашар өнер көрсетуімен және маманның жаңа келісімшартына байланысты келісе алмаушылық болған. Осыдан соң БАҚ өкілдері арасында «Галатасарайдың» жазда «Манчестер Ситиден» босатылған Роберто Манчинидің кандидатурасын қарастырып жатқандығы жайлы сыбыстар тарап кеткен еді. Клуб бұл ақпаратты растады. «Клуб президенті Унал Айсал және атқарушы директор Лютфи Арибоган Роберто Манчинимен кездесті. Келіссөздер 30 қыркүйек күні жалғасады», - деп хабарланды «Галатасарайдың» туиттердегі ресми парақшасында.

БАҚ құралдарының хабарлауынша, Түркияда италиялық бапкер бір маусымда шамамен 5,5 миллион евро жалақыға ие болады екен. Ал оған 3 жылдық келісімшарт ұсынылып отырса керек. Айта кетсек, бұған дейін британдық БАҚ өкілдері Манчинидің дүйсенбі күні клубты ресми түрде басқаратынын хабарлаған болатын. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама