Роберт Левандовский "Реалға" қарсы ойнамауы мүмкін
40 минуттай командамен жаттыққан футболшы 7-ге 7 болып футбол ойнаған сәтте жарақат алған. Оң жамбасын ұстаған күйі жаттығуды ерте аяқтауға мәжбүр болған.
Команда 28 жастағы футболшының жарақатына байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Неміс басылымдарының жазуы бойынша Роберт Левандовский "Боруссия Д" мен "Реалға" қарсы ойынға қатыса алмайды.
Айта кетейік, поляк шабуылшысы осы маусымда бундеслигадағы ойындарда 24 гол, Чемпиондар лигасында 7 гол соғып үлгерді.