Рио Олимпиадасының күнтізбесі жарияланды
2016 жылғы Рио-де-Жанейро ойындарының басталуына 500 күн қалды. Ғаламдық бәсеке 2016 жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді. Спорттық жарыстар 6 тамыздан басталады.
Қазақ жанкүйерлері асыға күтетін бокс, дзюдо, ауыр атлетика сынды сайыстар алғашқы күннен-ақ қыза түспек.
Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты өтетін орын – әйгілі Маракана стадионы.
сурет: brazil24.ru