Рио Олимпиадасының ашылуы мен жабылуы салтанатына 32 млн доллар жұмсалады
Мамандардың айтуынша, қаржы үнемдеудің арқасында бұл іс-шараға кететін шығын 2012 жылғы Лондон ойындарынан 10 есе аз болмақ.
«Біз қаржыны азайтамыз, алайда ашылу салтанатының сәнін шығармашылық шеберлікті сала отырып, әдемі көңіл-күймен жеткізетін боламыз», — дейді Ұйымдастыру комитетінің директоры Леонарду Каэтану.
Бразилиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Рио-де Жанейро Олимпиадасының ашылуы мен жабылу салтанатына 32 миллион доллар жұмсалатын көрінеді.
Айта кетейік, біздің елімізден әзірше Рио Олимпиадасына 21 спортшы жолдама алды.
Дереккөз: khabar