Ресми! Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ресми! Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Фото ©️ Коллаж: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов, depositphotos.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (19-0) UFC рейтингінде жартылай орта салмақта ресми түрде екінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды msports.kz

БӨЛІСУ

Отандасымыз ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) жеңгеннен кейін, үшіншіден екінші сатыға жоғарылады. Екінші орында болған Камару Усман (20-4) бір орын төмен сырғыды. Ал Гэрри жетінші орнын сақтап қалды. 

Рейтинг көшін Леон Эдвардс (22-4) бастап тұр. Ал бұл салмақтағы чемпиондық белбеу Белал Мұхаммад (24-3) еншісінде. Ол UFC 310 турнирінде Шавкатпен шайқасуы керек болған. Алайда жарақатына байланысты бас тартқан еді. 

UFC президенті Дана Уайт бұл жекпе-жекті келер жылы ұйымдастыруға ниетті.