Ресейлік футболшы "Қайрат" сапын толықтырды
Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалған.
Егор санкт-петербургтік СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіби деңгейде "Тосно", "Рубин", "Нефтехимик" пен "Краснодар" командаларында өнер көрсеткен. Соңғы командасымен РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.
2016 жылы маусымды Сорокин "Ақтөбе" командасында өткізді. Қорғаушының соңғы клубы "Елімай" болды. Ол 2024 жылғы наурызда қосылды. Семей командасында барлық турнирде 12 матч өткізді.
Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матч өнер көрсеткен.