Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы халықаралық турнирде күміс алды
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Самоделкина жалпы есепте 173,25 ұпай жинады.
Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал қола жүлдені канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.