«Реалдан» кетсе де, қиялдан кетпес

Ардақ Құлтай Корреспондент

«Реал» президенті Флорентино Перес Жозе Моуриньюмен осы мәселені біржақты етіп шешкен. Бұл істің басында Жозе Моуриньюнің «Менімен қақтығысқа түскенін қолдаған Флорентино Перес өз-өзін өлтіріп жатқанымен тең» деген пікірі болып отыр. Испанияның беткеұстар ақпарат құралы Marca осы жаңалықты басып шығарған соң-ақ "Манчестер Юнайтед" бапкері Сэр Алекс Фергюсон өз орнын португалиялық бапкерге босатып беретінін мәлімдеген екен. Ал негізінде бұл ұсыныстың мағынасы тым басқада көрінеді. Манкунияндықтардың айтқысы келгені тек Моуриньюнің біліктілігі жоғары және ол керемет делінген қай командаға барса да орынды екені. Ал алғашқы кезде Фергюсон Моуриньюны «естен кеткен» деп бағалаған еді.    

Ал «Реал» командасы бұл кезеңде өте әлсіз екенін айта кетейік. 14 турдан кейін өзінің басты қарсыласы «Барселонадан» аяғы бүтін 11 ұпайға қалып, оларға чемпиондыққа үміткер болудың өзі арманға айналған. Клуб аяқдопшылары жоғарыда аталып өткендей, бас бапкерімен жиі қақтығысатын болған.

Сонымен, футбол өміріндегі басты сұрақ португалиялық атақты бапкер қай командаға барып қалуы мүмкін екені болып отыр. Кім қалай ойлайды?

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: news.sportbox.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама