"Реал" – Суперкубок иегері! Мбаппе бірінші ойынында гол соқты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ©x.com/ChampionsLeague

Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. 59-минутта Винисиус Жуниордың тамаша пасынан кейін Федерико Вальверде есеп ашты. 

Араға 9 минут сала Килиан Мбаппе өзінің алғашқы ресми ойынында алғашқы голын соқты. Осылайша "корольдік клуб" биылғы Суперкубок жеңімпазы атанды. 

Мадридтік команда екі бірдей рекорд жаңартты. UEFA Суперкубогын 6 рет жеңіп алған алғашқы команда атанды. Ал Карло Анчелотти жаттықтырушы ретінде бұл кубокты 5-ші рет жеңіп алды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама