«Реал» стадионын жарып жібергісі келген кімдер?

О Сансызбай Корреспондент

Испандық басылымдардың бұл ақпараты кеше жалған деп танылған. Бірақ, кейіннен жергілікті полицейлердің стадионға жақын маңдағы қоқыс жәшігінен жарылғыш затты тауып, залалсыздандырғаны анықталған. Жарылғыш зат «Сантьяго Бернабеуден» гөрі, теміржол бекетіне жақын орналасқан көрінеді. Бұл туралы клуб басшылығы қандай да бір мәлімдеме беріп отырған жоқ. Жарылыс ұйымдастырмақ болғандар да әлі анықталмаған.

«Корольдік клуб» өз алаңында соңғы рет 10 желтоқсан күні «Лудогорецке» (Чемпиондар лигасы) қарсы ойнаған болатын. Келесі кездесуін ертең «Эспаньолға» қарсы өткізеді.

Айта кетейік, стадион 1947 жылы салынып, кейіннен 1955 жылы сол кездегі клуб президенті Сантьяго Бернабеудің есімін алған.

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама