«Реал» скауттары қақпашы іздей бастады

О Сансызбай Корреспондент

Икер Касильястың осы маусым соңынан клуб ауыстыратыны шындыққа жанасатын секілді. Өйткені, қақпашы өнерін клуб басшылығы жоғары бағалап отырған жоқ. Флорентино Перестің (клуб президенті) өзі «Реалдың» «Эль-Класикода» жеңілуіне кінәлі бірден-бір ойыншы Икер екенін атап өтті. Ал Кейлор Навас болса мадридтік клубтың негізгі құрамына іліге алмауда.

«Корольдік клубтың» скауттары назарына үш қақпашы ілігіп отыр. Әсіресе, Испания құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» қақпашысы Давид Де Хеа ерекше көзге түсуде. Алдағы ауысым кезеңінде (трансфер) «Реал» бұл ойыншыны қатарына қосу үшін талпынып көруі бек мүмкін. Скауттардың көзі түскен екінші бір қақпашы – Бернд Лено. Леверкузендік «Байерде» ойнайтын қақпашы соңғы кездесулерінде тамаша қырымен танылып жүр. Сонымен қатар, мадридтік клуб Аргентинаның «Ривер Плейт» клубының қақпашысы Аугусто Батальяны алдағы жазда жалға алуы мүмкін. 

Сурет: kurir.rs

Ұқсас жазбалар

«Реал» Аргентинадан қақпашы тапты

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама