"Реал" Роналдумен қош айтысуы мүмкін - БАҚ
Дереккөздің мәліметінше, "Корольдік клубтың" президенті Флорентино Перес Португалия құрамасының футболшысын 60 миллион еуроға сатуға дайын. Ойыншының агенттері тиімді шешім қабылдау мақсатында қазір келіссөздер жүргізіп жатыр. Роналду болса өзіне қызығушылық танытқан клубтардан 20-25 миллион еуро көлемінде жалақы сұрап отыр.
Сонымен қатар португалиялық спортшының Испаниядағы екі бірдей үйін сатылымға қойғаны анықталды. Бұл футболшының "Реал" клубынан кетуіне байланысты болуы мүмкін.
Айта кетейік, Роналду қойған талаптарға ағылшынның "Манчестер Юнайтед" және француздың "Пари Сен-Жермен" клубтары қызығушылық танытқан болатын.
Дереккөз: tengrinews