"Реал" Надальды "Ролан Гарростағы" жеңісімен құттықтады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ rsport.ru

- Біздің клубтың құрметі азаматы Рафаэль Надальды "Ролан Гарростағы" 10-шы жеңісімен құттықтаймыз, - деп жазды мадридтік клубтың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Рафаэль Надаль финалда швейцар Стэн Вавринкамен кездесті. 2 сағат 5 минутқа созылған ойында қарсыласын 6:2, 6:3, 6:1 есебімен айқын ұтып шықты.

31 жастағы теннисші "Үлкен дулыға" санатындағы жарыстарда 15-ші рет жеңімпаз атанды. Бұл көрсеткіш бойынша Роджер Федерерден (18 рет жеңген) кейін екінші орынға шықты.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама