«Реал» мен «Челси» ширек финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент

«Челси» (Англия) – «Галатасарай» (Түркия)


Футбол жанкүйерлері «Стэнфорд Бриджден» тартысты кездесу күткен еді. Алайда алаң иелеріне қарсы Роберто Манчии шәкірттері қауқар таныта алмады. Өз алаңда өткізген ойындағы жағдай қайта қайталанды. Өз қақпаларына Самуэль Это’О соққысынан кейін жылдам гол жіберіп алды. «Ақсүйектер» кездесуде барынша басымдықта қолда ұстап, алғашқы тайм аяқталар тұста есепті еселей түсті. Бұрыштамадан асырылған допты қарбаласқан сәтте Гари Кэйхилл қонақтар қақпасына тоғытты. Ал екінші тайм жанкүйерлер көңілінен мүлде шықпағандай. Түрік командасының жеңіске деген құлшынысы аса байқалмады. Сондықтан да аса қауіпті сәттер орын ала қойған жоқ. «Галатасарай» бар-жоғы бір ғана қақпаға дәл соққы жасаумен ғана шектелді.

«Реал» (Испания) – «Шальке» (Германия) 


«Корольдік клуб» ширек финал мәселесін алғашқы кездесуде-ақ шешіп тастаған-ды. Бұл ойын да мадридтік команда үшін аса ауыр соға қойған жоқ. Тек алғашқы таймда клубтың талантты футболшысы Хесенің жарақат алып қалғаны болмаса. Сонымен қатар, Карло Анчелотти алаңға қосалқы құрамның бірнеше ойыншыларын да қосты. Кездесуде Криштиану Роналду дубль авторы атанса, Мората бір допты еншісіне жазды. Ал қонақтар қатарынан Хоогланд бір доппен ғана жауап қатты. Қос кездесу қорытындысы бойынша «Реал» 9:2 есебімен келесі кезеңге өтті.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама