"Реал" командасы еурокубоктардағы мыңыншы голын соқты (видео)

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

«Реалдың» 1000-голын соғу «бақыты» франциялық шабуылшы Кәрім Бенземаға бұйырды. «Корольдік клуб» кеше түнде Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында швейцариялық «Базель» командасына қарсы ойнап, 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. «Реал» тарихында 1000-гол ретінде тіркелген Кәрім Бенземаның голы ойынның 79-ыншы минутында соғылды.

«Реал» командасы – дәл мұндай нәтижеге жеткен әлемдегі алғашқы клуб. Олар кешегі ойынмен қоса есептегенде еурокубоктық ойындарда 201-ші кездесуін өткізіп отыр. Еурокубоктық ойындарда ең көп кездесу өткізген «Манчестер Юнайтед» командасының өзі тура 200 кездесу өткізген екен.

«Реалдан» кейін еурокубоктарда ең көп гол соққан «Барселона» командасы. Месси бастаған команданың еншісінде қазір 980 гол бар. Каталондықтар бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында АПОЭЛ командасымен кездеседі.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/eaQxROz2he0","width":"450","height":"350"});

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама