«Реал» жанкүйерлері «Сантьяго Бернабеу» атын өзгертуін қолдамайды
Осыған дейін «корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес «International Petroleum Investment Company» демеушілік көрсететін компанияның құрметіне стадион атын өзгертуді мәлімдеген еді. Стадионға берілер жаңа ат команда демеушілерінің шешімімен қойылмақ. «Сантьяго Бернабеу» аты «IPIC Bernabeu» немесе «Cepsa Bernabeu» деп аталуы мүмкін. Стадион атын өзгертуді - клубтың қаржы қорын молайтудың бір жолы ретінде қарауға болады. Өйткені, ол үшін демеушілік жасап отырған компания клубқа жылына кемінде 80 миллион еуро төлейді.
Қазіргі таңда компаниялардың демеушілігі арқылы аталатын стадиондар жоқ емес. Олардың қатарында «Бавария»(«Альянс»), «Арсенал» («Эмирейтс») және «Манчестер Сити» («Этихад») командаларының стадиондары бар.
Естеріңізге сала кететін болсақ, мадридтік клуб стадионы 1947 жылы салынып, кейіннен 1955 жылы сол кездегі «Реал» президенті Сантьяго Бернабеудің есімін алған болатын.
Сурет: sports.ru