«Реал» екінші ойын қатарынан ұтылды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ YouTube

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен ойында виголық команда «корольдік клубты» 2:1 есебімен жеңді. Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 64 минутта Яго Аспас есеп ашса, 69 минутта Марсело есепті теңестірді. Алайда араға 2 минут сала Хонни Кастро «Сельтаны» қайтадан алға шығарды. Одан кейінгі аралықта ойындағы есеп өзгермеді.

Қос клуб арасындағы қарымта ойын 25 қаңтар күні өтеді.

Айта кетейік, мадридтік клуб Испания чемпионатының өткен турында «Севильяға» ұтылған еді. Ал оған 40 ойын қатарынан ұтылмай келіп, «Барселонаның» рекордын жаңартқан болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама