«Реал» Ди Марияны «Барсаға» сатпай қойды

О Сансызбай Корреспондент

«Блаугарана» жартылай қорғаушы үшін 60 миллион еуро ұсынған. Алайда «корольдік клуб» президенті Флорентино Перес бұл трансферден бас тартыпты. Бас бапкер Карло Анчелоттидің айтуынша, футболшының өзі клубтан кетуді ұйғарып отыр екен. Осыған дейін француздық «ПСЖ» мен ағылшындық «МЮ» Ди Марияға ұсыныс тастаған. Бірақ, командалар «Реалмен» әлі келісімге келер емес. Ал Криштиану Роналду мен Серхио Рамос болса клуб басшылығына ойыншының командадан кетпегенін қалайтынын жеткізуде.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 02:30-да мадридтік «Реал» екінші бір мадридтік клуб «Атлетикомен» Испания Суперкубогын сарапқа салатын болады. «Сантьяго Бернабеуде» өткен бірінші ойында 1:1 есебі тіркелген болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:bestgoal.tv

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама