"Реал" – "Атлетико". Футболшылардың аяқ киімдері

Ла Лига Корреспондент

"Реалдың" шығуы мүмкін құрамынан алты бірдей футболшы (Икер Касильяс, Марсело, Асьер Ильяраменди, Анхель Ди Мария, Гарет Бэйл мен Карим Бензема) Adidas компаниясының бутсыларын кисе, ал қалған "корольдік клуб" ойыншылары (Серхио Рамос, Пепе, Дани Карвахаль, Лука Модрич пен Криштиану Роналду) Nike компаниясының өнімдерін тұтынады екен. 

Ал,«Атлетиконың» алты футболшысы (Филипе Луис, Миранда, Хуанфран, Тьягу Мендеш, Коке мен Давид Вилья) Adidas компаниясының аяқ киімдерін кисе, Тибо Куртуа, Арда Туран мен Рауль Гарсия Nike бутсыларын тұтыныпты, ал Диего Годин мен Габи Puma компаниясының өнімдерін жөн көріпті. 

Естеріңізге сала кетсек, «Реал» мен «Атлетико» арасындағы финалдық ойын ертең, 24 мамыр күні  «Эштадиу да Луш» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: footyheadlines.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама