«Реал» - әлемдегі ең қымбат футбол командасы

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

«Forbes» тізімі бойынша осы жылы «Корольдік клубтың» бағасы 4 пайызға өсіп, 3,44 миллиард долларды құраған. Екінші орында тағы бір испандық клуб «Барселона» келеді. «Каталондық» команданың құны былтырғы жылмен салыстырғанда бақандай 23 пайызға өсіп, 3,2 миллиард долларға жеткен. Үздік үштікті ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасы қорытындылап тұр. Өткен жылмен салыстырғанда «Қызыл сойқандардың» құны керісінше, 11 пайызға төмендеп, 2,81 миллиард долларды құрады.

«Forbes» журналы ұсынған әлемнің ең қымбат 10 командасының тізімі төмендегідей: «Реал Мадрид» (Испания) – 3,44 миллиард доллар «Барселона» (Испания) – 3,2 миллиард доллар «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 2,81миллиард доллар «Бавария» (Германия) – 1,85 миллиард доллар «Арсенал» (Англия) – 1,33 миллиард доллар «Челси» (Англия) – 868 миллион доллар «Манчестер Сити» (Англия) – 863 миллион доллар «Милан» (Италия) – 856 миллион доллар «Ювентус» (Италия) – 850 миллион доллар «Ливерпуль» (Англия) - 691 миллион доллар

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: merengues.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама