"Реал" 33-ші рет Испания чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Ла лигадағы чемпиондық атаққа талас соңғы турға дейін сақталды. Маңызды ойында "Реал" командасы ұпайдан шашау шығармады. "Малаганы" 2:0 есебімен ұтып, чемпиондық атаққа қол жеткізді. "Корольдік клуб" сапынан Криштиану Роналду мен Карим Бензема гол соқты.

Соңғы сәтке дейін чемпиондық атақтан үмітті болып келген "Барселона" өз алаңында "Эйбармен" кездесті. Каталондық клуб бірінші таймда ұтылып шығып, екінші тайм қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңіске жетті.

"Реал" өз тарихында 33-ші рет Испания чемпионы атанды. Соңғы рет команда бұл атаққа 2011/2012 жылғы маусымда қол жеткізген еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама