Рауль "Реалға" қайтып оралуы мүмкін

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Перестің жоспары келесідей: Рауль келесі маусымнан бастап мадридтік клубтың спорт бөліміне қызмет етіп, кейін клубта бапкерлік орынға да отырып қалуы мүмкін.

Алайда катарлық «Аль-Садд» командасының шабуылшысы әзірге командада келесі маусымда қалу мәселесін шешпеген көрінеді. Ол соңғы шешімін жанұясымен ақылдасқаннан кейін қабылдайды деп күтілуде.  

Естеріңізге сала кетсек, футболшы мадридтік «Реал» сапында 1994-2010 жылдар аралығында доп тепті. Ол 2010 жылы туған клубына атышулы Жозе Моуринью келгеннен кейін немістің «Шалькесіне» ауысып келген болатын. Ол онда нәтижелі екі маусым өткізді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: motto.net.ua

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама