Рамазан Оразов Дания елінің командасына ауысты
"Силькеборг" – Дания кубогының иегері. Алдағы маусымда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнайды.
26 жастағы ойыншы 2021 жылы "Ақтөбе" сапын толықтырып, 2022 жылы ақ-қызылдармен бірге Қазақстанның күміс жүлдегері атанған болатын. Клуб сапында жүріп, Оразов ұлттық құрамада дебют жасады.
Биылғы маусымның алдында Рэм "Ақтөбеге" қайта оралып, команданың бірінші орынға көтерілуіне өз үлесін қосты. Оразов клуб құрамында барлық турнирлерде жалпы саны 49 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді.
Рамазан жаңа клубына 26 маусым күні жазғы трансферлік терезе ашылған соң ғана ауысады. Оған дейін ойыншы "Ақтөбе" сапындағы барлық матчтарға қатысып үлгереді деп күтіліп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!