Рамазан Оразов 1 сағат ойнаған матчта командасы жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ©instagram.com/silkeborgif_officiel

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы матчта 63 минут ойнады. Бір рет қақпаға соққы бағыттап, 19 пас берді (оның 17-і дәл болды). 31 рет допты алып жүрді және 5 рет допқа таласты. 

"Силькеборг" 76-минутта Пелле Маттсон соққан голдың нәтижесінде жеңіске жетті. Келесі ойынын 25 шілде күні Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында "Мольдеге" (Норвегия) қарсы өткізеді.

Рамазан Оразов "Силькеборг" сапына маусым айында ауысып барған болатын. Ол Дания Суперлигасында ойнаған алғашқы қазақ футболшысы атанды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама