ПСЖ "Реалдың" үш бірдей ойыншысын сатып алғысы келеді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ AS.com

Париждік команда жартылай қорғаушылар Тони Кроос пен Искоға, шабуылшы Гарет Бэйлға қызығушылық танытуда екен. Бұл үш ойыншы да "корольдік клубтың" қазіргі бас жаттықтырушысы Зиннедин Зиданның жаңа команда жасақтаудағы жоспарында жоқ ойыншылар көрінеді.

ПСЖ үш футболшыны алатын болса 200 миллион еуро шығындайды. "Реал" Исконы 60 миллион еуро, Бэйлды 70 миллион еуро, ал Кроосты 80 миллион еуроға бағалауда. Париждік команда, әсіресе Тони Кроссты өз қатарларынан көргісі келеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама