Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жетілдіріледі

Қымбат Слямбек Корреспондент
Фото ©️ topobrazovanie.ru

Мұны Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев айтты.

Оның айтуынша, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың іргелі бастамаларының бірі.

"Білімді де білікті жастарды тарту арқылы мемлекеттік аппараттың сапасын арттыру көзделуде. Биыл өтетін кадрлық резервке іріктеудің екінші кезеңі автоматты түрде ұйымдастырылмақ. Бұл да іріктеу процестерінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, үміткерлерді белсенді іздеуге көмектеседі", - дейді Жазықбаев.

Агенттік өкілінің айтуынша, мемлекеттік аппарат органдарына білімді және бейінді мамандар аса қажет.

"Мұндай жастарды іріктеу кезінде үміткердің кәсіби және жеке бас қасиеттерін көбірек мән беріледі. Сол үшін тәуелсіз сарапшылар тартылады", - дейді Дархан Жазықбаев.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама