Плющенко тікелей эфирде ота жасатпақ

О Сансызбай Корреспондент

- Ота 2 наурыз күні болады. Осыған дейін қойдырған төрт болттың біреуі сынған. Соны алдырып тастаймын. Содан кейін барып, Сочидегі жекелей сынға шыға алмағанымның айғағы дәлелденбек, – деді спортшы.

Естеріңізге сала кетсек, Евгений Плющенко Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының командалық сынында бақ сынап, чемпион болып танылған-ды. Ал жекелей сынды бастап-ақ тұрып, жарақатына байланысты жарысты аяқтап, спорттық мансабына да нүкте қойған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: u-f.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама